БІЗ ТУРАЛЫ
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы облысы, Іле ауданы, М. Түймебаев ауылы, Ақан сері көшесі, 17 ғимаратта орналасқан.
Ғимарат 2 қабатты
Қолдануға берілген жылы – 2014 жыл 11-ақпан
Мекеменің байланыс телефоны:8 727 3980854, 8 (72752) 71323
эл.почта:
Жас ерекшеліктеріне қарай балабақшада 6 топ жұмыс істейді. Әрбір топ: киім ауыстыратын, оқу-ойын бөлмеден, жатын, жуынатын, ыдыс жуатын бөлме және асханадан тұрады. Балабақша жаңа заман талабына сай жиһаздармен, ойыншықтармен, техникалық жабдықтармен, бұйымдармен жабдықталған. Күн тәртібі тәрбиеленушілердің психологиялық және жас ерекшелігін ескере отырып, құрастырылған. Күнделікті ұйымдастырылған іс - әрекеттер, ұйықтау, 4 мезгіл тамақтандыру, серуендеу, ойнату – балалардың жақсы дамуына әсер етеді. Балабақшада арнайы жабдықталған музыка залы, меңгерушінің, әдіскердің, психологтың, шаруашылық меңгерушісінің, бухгалтер мен медбикенің, сонымен қатар, тамақ дайындайтын ас блогы, кір жуатын бөлмелер мен қоймалар орналасқан.
Электр жүйесі орталықтандырылған, жылу жүйесі жергілікті жылыту жүйелері арқылы газбен жылынады. Балабақша ауласы көгалдандырылған. Әсемдік, жеміс ағаштар мен гүлзарларға күтім жасалуда. Балабақша учаскесінде спорт алаңы мен әрбір топқа арналған едені тақтайдан болған саяжайлар бар, олар ойын құралдарымен жабдықталған. Медицина бөлмесі балаларға антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен қатар сауықтыруға арналған медициналық құралдармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған.
2026-2027 оқу жылына жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізілетін 6 топ жұмыс жасайды.
3 жастан бастап “Айгөлек” ортанғы тобы - 25 тәрбиеленуші
3 жастан бастап “Балапан” ортанғы тобы - 25 тәрбиеленуші
4 жастан бастап “Қарлығаш” ересек тобы - 25 тәрбиеленуші
4 жастан бастап “Жұлдыз” ересек тобы - 25 тәрбиеленуші
5 жастан бастап “Еркетай” МАД тобы - 25 тәрбиеленуші
5 жастан бастап “Ұлан” МАД тобы - 25 тәрбиеленуші
Сыйымдылығы : 150 бала
Жұмыс уақыты: 5 күндік, 10,5 сағат
Жұмыс істеу тәртібі: 7.30 ден 18.00 ға дейін.
Жалпы педагог саны: 19, оның ішінде музыка жетекшісі, қазақ тілі мұғалімі, педагог – психолог және дефектолог маманы бар.
Оның ішінде жоғары білімді – 18
Орта білімді - 1
Санаты бойынша:
Педагог – сарапшы – 2
Педагог – модератор - 12
Санаты жоқ – 5.
2026- 2027 оқу жылында балабақшада дамыта оқыту технологиясының элементтерін пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал жасау” тақырыбында төмендегі мақсат пен міндеттерді қояды:
- Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дені сау, дербес, білімге құмар, тіл табысқыш, сын тұрғысынан ойлайтын құзыретті тұлға тәрбиелеу;
- Балаларды қызықты ойын түрінде тәрбиелеу, оқыту және дамыту;
- Ұлттық мәдениет пен дәстур арқылы рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру;
- Заман көшіне ілесе отырып, жаңашыл бағытта жұмыс жасау;
- Дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырылған іс-әрекетте пайдалану;
- Балалардың ынта-ықыласын дұрыс бағыттау, қабілет-қәсиеттерін дамыту;
- Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін пайдалану;
- Отбасымен ынтымақтастық нысандарын кеңейту -«Ассоциация» әдісін пайдалану ;
- Балалардың қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
- Өзіне және айналасындағыларға қамқорлық көрсету үшін «Ой қозғау» әдісін пайдалану;
- Өз бетінше саналы таңдау жасай білу үшін «Салыстыру» әдісін пайдалану;
- Командада жұмыс істей білуді дамыту үшін «Топтау» әдісін пайдалану.