Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

"Күншуақ" бөбекжай-бақшасы МКК әрбір қаржы жылына мемлекеттік сатып алу порталында "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңына сәйкес шарттар жасайды. Балабақшаны жүргізу, пайдалану, күтіп ұстау ,оның қызметін қамтамасыз ету үшін шарттар жасалады. Бұл коммуналдық шығындар (жарық,газ,су) шаруашылық тауарлары, кеңсе тауарлары, материалдық-техникалық жабдықтар, жүйелерге техникалық қызмет көрсету, қамтамасыз етуді қолдау, техникалық қызмет көрсету жабдықтар, жұмыс және балабақшаны ағымдағы күтіп ұстау қызметтері. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт тапсырыс берушілер тиісті қаржы жылында жасасқан мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың тізбесін білдіреді және Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың мәні, сандық және құндық көрсеткіштері, тараптардың шарттық міндеттемелерді орындау нәтижелері туралы мәліметтерді қамтиды. Балабақшада мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:1) баға ұсыныстарын сұрату; 2) бір көзден. 2023 жылға жасалған шарттар мемлекеттік сатып алу порталында қамтылады.

Отчеты ГЗ

Мемлекеттік сатып алу мониторингі 19-бап. Мемлекеттік сатып алу мониторингі, ҚР 15.11.21 ж. № 72-VIІ Заңы сайкес,Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы ақпаратты жинау, жинақтау, талдау, жүйелеу және бағалау негізінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу мониторингін уәкілетті орган Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы және ондағы ақпарат негізінде жүзеге асырады.Мониторинг нәтижелері бойынша уәкілетті орган Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті жібереді, сондай-ақ оны мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепте Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік кәсіпорын қызметінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштері қамтылады. Мемлекеттік сатып алу туралы жыл сайынғы есепті уәкілетті орган бекітеді.

Планы ГЗ

Ағымдағы жылға арналған бюджеттен бөлінген ақшаны қаржыландыру негізінде "Күншуақ" бөбекжай-бақшасы МКК Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 26.12.18 ж. № 202-VI ҚР Заңына сәйкес қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу порталында Қағидаларда айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын жасайды және әзірлейді, бекітеді Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды сатып алуға, ол бойынша бұдан әрі олармен ағымдағы қаржы жылына арналған портал арқылы заңды тұлғалар Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасаса алады. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тиісті қаржыландыру бюджетіне сәйкес қаржы жылының ішінде бөбекжай бекітеді (нақтылайды). Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында мынадай мәліметтер болуға тиіс: 1) Мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды; 2) ҚҚС есептемегенде Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сомаларды қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасын; 3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері; 4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің жоспарланатын мерзімдері мен орны; 5) осы мемлекеттік сатып алу туралы заңның 43-бабында көзделген жағдайларда әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде кестеге және жылдарға бөлінуге сәйкес тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің жоспарланатын мерзімдері.