Жүгіру жолы
Кіру
AA+
xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
+7 (xxx) xxx xx xx
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
Жүгіру жолы
«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

 

«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік

мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы

мемлекеттік қазыналық   кәсіпорыны

 

Мекен жайы: Ащыбұлақ ауылдық  округі М.Түймебаев ауылы

                          2-Линия көшесі,17 үй

 Жоба қуаттылығы  (орын ) – 170  

 Ғимарат 2 қабатты

 Қолдануға берілген жылы – 2014 жыл  11-ақпан

Жас ерекшеліктеріне қарай балабақшада 6 топ жұмыс істейді.Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстары мемлекеттік қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақша жаңа заман талабына сай жиһаздармен, ойыншықтармен, техникалық жабдықтармен, бұйымдармен жабдықталған. Күн тәртібі тәрбиеленушілердің психологиялық және жас ерекшелігін ескере отырып, құрастырылған.  Күнделікті ұйымдастырылған іс - әрекеттер, ұйықтау, 4 мезгіл тамақтандыру, қыдыру, ойнату – балалардың жақсы дамуына әсер етеді.   Балабақшада арнайы жабдықталған музыка залы, меңгерушінің, әдіскердің, психологтың, шаруашылық меңгерушісінің, бухгалтер мен медбикенің жеке кабинеттері орналасқан.

Балабақша аумағында көк-жасыл саяжайлар, ойын және спорт алаңы, гүл бақтары бар.

Жалпы педагог саны: 18, оның ішінде музыка жетекшісі, қазақ тілі мұғалімі,  педагог – психолог  және дефектолог маманы  бар.

Оның ішінде жоғары білімді – 17

Орта білімді - 1

Санаты бойынша:

Жоғары санатты  - 1

Педагог – зерттеуші – 1

Педагог – сарапшы – 1

Педагог – модератор - 8

І санатты – 0

ІІ санатты – 1

Санаты жоқ – 6

Бүгінгі таңда 170 орынды «Күншуақ» балабақшасында жас ерекшеліктеріне байланысты 6 топ жұмыс істеуде. Олар: мектепалды даярлық  «Қарлығаш» тобы, ересектер «Жұлдыз», «Айгөлек» топтары, ортаңғы «Балапан» тобы  және кіші «Еркетай», «Ұлан» топтары.