
Меңгеруші Перваева Назгул Далелхановна

«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорны меңгерушісі Перваева Назгул Далелхановна
Перваева Назгул Далелхановна Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімінің 20.12.2024 ж. бұйрығымен Ашыбұлақ ауылдық округінде орналасқан "«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының меңгеруші лауазымына тағайындалды.
Перваева Назгул Далелхановна 1985 жылы 11 қыркүйекте дүниеге келген.
Білімі жоғары.
- Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетін Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша 2024 жылы бітірді.
- Қаскелең педагогикалық колледжінде «Әлеуметтік мәдени қызметі және халықтық көркем шығармашылығы мамандығын 2006 жылы бітірді.
- Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық университетін «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығын 2013 жылы бітірді.
Жалпы педагогикалық өтілі 14 жыл, санаты педагог-сарапшы. Лауазымдағы еңбек өтілі: Балабақша әдіскері ретінде 6 ай.
08.09.2008 – 01.11.2019 жылдары Алматы қаласы Алматы қаласы Білім басқармасының "№15 санаториялық мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде тәрбиеші.
01.10.2019 – 03.02.2020 жылдары Алматы облысы, Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округінде орналасқан «Толағай» бөбекжай-балабақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарған.
03.10.2022 – 05.06.2024 жылдары "«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында шаруашылық меңгерушісі болып қызмет атқарды.
05.06.2024 - 20.12.2024 жоғарыда аталған мекемеде әдіскер және меңгеруші міндетін атқарушы болып қызмет атқарған.
20.12.2024 ж. бастап Алматы облысы, Іле ауданы, М.Түймебаев ауылында орналасқан МҚК «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасында меңгеруші лауазымында қызмет атқаруда.
Пікірлер қосу