«Алматы облысы білім басқармасының Іле ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің «Күншуақ» бөбекжай – балабақшасы
мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Мекен жайы: Ащыбұлақ ауылдық округі М.Түймебаев ауылы
2-Линия көшесі,17 үй
Жоба қуаттылығы (орын ) – 170
Ғимарат 2 қабатты
Қолдануға берілген жылы – 2014 жыл 11-ақпан
Жас ерекшеліктеріне қарай балабақшада 6 топ жұмыс істейді.Балабақшада оқу-тәрбие жұмыстары мемлекеттік қазақ тілінде жүргізіледі. Балабақша жаңа заман талабына сай жиһаздармен, ойыншықтармен, техникалық жабдықтармен, бұйымдармен жабдықталған. Күн тәртібі тәрбиеленушілердің психологиялық және жас ерекшелігін ескере отырып, құрастырылған. Күнделікті ұйымдастырылған іс - әрекеттер, ұйықтау, 4 мезгіл тамақтандыру, қыдыру, ойнату – балалардың жақсы дамуына әсер етеді. Балабақшада арнайы жабдықталған музыка залы, меңгерушінің, әдіскердің, психологтың, шаруашылық меңгерушісінің, бухгалтер мен медбикенің жеке кабинеттері орналасқан.
Балабақша аумағында көк-жасыл саяжайлар, ойын және спорт алаңы, гүл бақтары бар.
Жалпы педагог саны: 18, оның ішінде музыка жетекшісі, қазақ тілі мұғалімі, педагог – психолог және дефектолог маманы бар.
Оның ішінде жоғары білімді – 17
Орта білімді - 1
Санаты бойынша:
Жоғары санатты - 1
Педагог – зерттеуші – 1
Педагог – сарапшы – 1
Педагог – модератор - 8
І санатты – 0
ІІ санатты – 1
Санаты жоқ – 6
Бүгінгі таңда 170 орынды «Күншуақ» балабақшасында жас ерекшеліктеріне байланысты 6 топ жұмыс істеуде. Олар: мектепалды даярлық «Қарлығаш» тобы, ересектер «Жұлдыз», «Айгөлек» топтары, ортаңғы «Балапан» тобы және кіші «Еркетай», «Ұлан» топтары.
{gallery}nur/4{/gallery}

